Көпшілік іс-шаралар

Conversation club!

Печать

       2 қазан күні  Әлем тілдер оқу залында Ақпараттық білім беру орталығы және Филология факультетінің ұйымдастыруымен американдық Аврам Тепфердің (Нью Йорк, АҚШ) қатысуымен «Conversation club» болып өтті. Студенттер өздерінің өмірі және қоғамда алатын орны жайлы жеке ойларын ағылшын тілінде бөлісті, сонымен қатар көптеген ойындар ұйымдастырылды Клубтың мақсаты студенттерге ағылшын тілін әрі қарай дамытуға мүмкіндік беру.

«Conversation club» әр сәрсенбі сайын сағат 11.00- де Әлем тілдер оқу залында өтеді. 213 каб.

 

 

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Печать

 2019 жылы 26 қыркүйек күні Ақпараттық білім беру орталығының «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік орталығында, Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы халыққа Жолдауын түсіндіру және «Болашаққа Бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де қоғамдық сананы жаңғыртудың жобалық кеңсесінің басшысы  Г.А.Жанысбекованың және «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің студенттері мен оқытушысы А.Ж.Дүйсенбекұлының, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің аға оқытушысы Қ.Т.Бименовтің,  қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

Рухани Жаңғыру

Печать

 2019 жылы 24 қыркүйек күні «Әлем тілдері» оқу залында «Болашаққа Бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы және «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген 49 оқулықты насихаттау бойынша «New Kazakhstan in a New World» тақырыбында үш тілде дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шара Ақпараттық білім беру орталығының кітапханашысы М.К. Иманкулованың және «Гуманитарлық мамандар үшін шет тілі» кафедрасының мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Жиынға Ақпараттық білім беру орталығының бөлім басшылары, «Гуманитарлық мамандар үшін шет тілі» кафедрасының мұғалімі А.А. Нұрымбетова және заңтану және халықаралық қатынастар факультетінің ЮМ-19-3к  тобының студенттері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты жастарды «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында қолға алынған,  әлемнің ең үздік деп танылған философия, әлеуметтану, психология, экономика және басқа да пәндер бойынша әлемдік ойлардың алтын қорына енген еңбектерден аударылған  оқулықтармен  таныстыру, әлемдік ақпараттық кеңістікке кіру барысында білімді ұрпақ тәрбиелеу, жастарға жаңашыл бағытта білім беру.

Талқылау барысында, студенттер үш тілде докладтар оқып слайдтар көрсетілді. Және де жастардың назарын «100 жаңа оқулық» жобасына аудару, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызын бүкіл қоғам терең түсініп, еліміздің рухани тәуелсіздігін нығайтатын мәселелер көтерілді. Жиын барысында студенттер Елбасымыздың бағдарламасы жайлы және  аударылған оқулықтарға қатысты өз пікірлерін білдірді.

 

 

 

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Печать

2019 жылдың 11,12,16  қыркүйек күндері университеттің жатақханаларындағы №11,12,13 оқу залдарында студенттер арасында Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша іс-шара ұйымдастырылды.

 

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Печать

2019 жылдың 11қыркүйек  күні «Педагогика және мәдениет», «Филология» факультеттері, «Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебі және 16 қыркүйек күні «Құрылыс және көлік», «Механика және мұнай газ» факультеттерінің студенттері мен оқытушыларының қатысуымен  №2,5,9 оқу залдарында Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша іс-шара ұйымдастырылды.

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика