Сіздерді қазан айының 7 күні сағ.11.00-де Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында (8 ғимарат) өтетін Жүсіпбек Аймаутовтың 125 жылдығына арналған ««ҰЛТТЫҚ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАНУШЫ» атты оқырмандар конференциясына шақырамыз.
Ғылыми оқу залы (бас ғимарат, 230) қоры 2014 жылы қорғалған докторлық (PhD) , магистрлік диссертациялармен толықтырылды. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Еңбектер жинағы мен ғылыми журналдардың дәстүрлі түрімен таныса аласыздар.
Құрметті әріптестер сіздерді 15 қазан - Кітапхана күнімен құттықтаймыз, Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыста шығармашылық табыс және сəттілік тілейміз.