РЕФЕРЕНТ КҮНІ

Печать

Университеттің оқу процесі мен ғылыми-ізденіс жұмыстарында кафедра мен кітапхана байланысы маңызды рөл атқарады. ЖОО кафедраларының референті профессор-оқытушылар құрамына баспа прайстарындағы жаңа басылып шыққан кітаптармен және университет кітапханасына жаңа түскен әдебиеттер туралы ақпарат беруші болғандықтан 13.11.2023ж. М.Әуезов  атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығы 2023-2024 оқу жылындағы кафедралар референттеріне арналған «Референт күні» семинарын ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты білім беру бағдарламалары бойынша оқытылатын пәндерді кітаппен қамтамасыз ету және жаңа БББ пәндерін оқулықтармен қамтамасыз ету үшін  әдебиеттерге өтінімдерді беру, оны рәсімдеу, сонымен бірге электрондық баспалар қорын пайдалану және АББО ресурстарының маңыздылығын жеткізу. 

АББО директоры И.Саурбаева референттермен өз ойларымен бөлісіп, құттықтады. Сектор меңгерушілері Г.Болетова, К.Усенкулова өз жұмыстары туралы мәлімет берді. Жаңа технология және электрондық ресурстар бөлімінің қызметкері И. Спатаев кітапхана сайтын http://www.lib.ukgu.kz/ пайдалануды, отандық және шетелдік  базалардан ақпараттар мен мәліметтер алу жолдарын түсіндіріп өтті. Кітапханаға қарыз оқырмандар туралы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Каунбаева  ақпарат бере отырып кітап оқуға шақырды.

Кафедра референті кітапханамен байланысты жауапты тұлға болғандықтан АББО мен референттер чаты үздіксіз қызмет жасайды.

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика