БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       
2023 жылдың 26 сәуір күні Ақпараттық білім беру орталығында 1-мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты мерекелік әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараны «Техникалық  мамандықтар үшін орыс тілі» кафедрасының меңгерушісі Ж.С.Әуелбекова ашып берді.  АББО қызметкері А.Д.Арыстанова өз баяндамасында түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттыратын,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттайтын мереке 1 мамыр күнінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің 1 курс студенттеріне «Техникалық  мамандықтар үшін орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Парменкулова әртүрлі ұлттың ән-би және аспаздық өнерлерін көрсететін қойылымдарға  жетекшілік етті. 
АББО директорының орынбасары Г.Қ.Мыңбаева достық пен ынтымақтастықта болуға бағытталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті келген қонақтар мен қатысушы студенттерге алғыс білдірді.

 

 
2023  жылдың  19  сәуір  күні  М.Әуезов  атындағы  Ақпараттық  білім беру орталығында «Ғылым күні» атты семинар өтті. 
Іс-шараның модераторы болып,семинарды АББО директоры Сауырбаева И.К. ашты. Кітапхана қызметкерлері Ақпараттық білім беру орталығында университеттің магистранттары мен докторанттарына ғылыми жұмысқа көмектесу үшін көрсетілетін қызметтер туралы түсіндіріп өтті.
Докторант Қуандықова А.Е., «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының магистрі және бас маманы Әзімхан Исабек Үсенұлы баяндама жасады

 

 
18.04.2023 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Ақпараттық білім беру орталығы мен «EDP Hub» (Идипи Хаб)  ЖШС-нің ұйымдастыруымен IPR SMART цифрлық кітапханасының  өнімдерін ұсыну мақсатында «Ай Пи Ар Медиа» компаниясының  коммерциялық директор - Иванов Сергей мен Даму бөлімінің директоры - Кутуева Вита Шымкент қаласының ЖОО кітапхана басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында DATALIB цифрлық білім беру ресурсы, PROF білім беру электрондық ресурстары, баспа қызметі саласындағы ынтымақтастық, университет авторларының кітаптарын бірлесіп басып шығару, оқытушылардың еңбектерін компанияның цифрлық өнімдеріне енгізу туралы ұсыныстар айтылды.
 
 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика