БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       

        2026 жылдың 18-ші қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын қолдау мақсатында  Ақпараттық білім беру орталығы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің жастар орталығымен бірлесіп «Саналы оқырман қалыптастыру» әдеби- интеллектуалдық форумы өтті.

      Форум Республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасының «Кітап оқитын университет» бағыты бойынша өтті. Әдеби-интеллектуалдық шығармашылық іс-шараға Шымкент қаласындағы белгілі ірі кітапханалар Шымкент қалалық әмбебап және көпшілік кітапханалар ұжымдары қатысты. Олар: Әль-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы, Шымкент қаласының Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі, А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы.

Іс-шара барысында тақырыптық көрмелер мен кітаптардан инсталляциялар ұйымдастырылды.

Кітапханашылар мен Филология факультетінің «Журналистика және қазақ тілі» кафедрасының оқытушылар құрамы мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың   «Әділетті қоғамға - шыншыл сөз» кітабын талқылады және де өздері оқыған кітаптар жайлы және кітаптан алған әсерлері мен жеке пікірлерімен бөлісті.

Студенттердің кітап оқуға тұрақты қызығушылығын қалыптастыру, оқыған кітабын саналы түсініп, талдап, сыни тұрғыдан бағалай алатын, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізетін және алған білімін кәсіби және өмірлік тәжірибесінде қолдана алатын тұлға тәрбиелеу мақсатында Шымкент қаласындағы барлық жоғары оқу орындарының кітап құмар студенттері мен белсенді жастары арасында әдеби-интеллектуалдық шығармашылық ойындар ұйымдастырылды. Жастар арасында оқуға тиісті таңдаулы 15 кітап талданды. Жеңімпаздар Дипломдармен, қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен бірге, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің Айқап және Ақиқат оқырмандар клубы арасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында ғана жарық көрген «Әділетті қоғамға - шыншыл сөз» атты еңбегін оқып талқылады.

Оқу мәдениетін дамыту арқылы біз болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуына, ұлттық құндылықтарды құрметтеп, әлемдік өркениетке үлес қосатын азамат болуына жол аша аламыз.

Саналы оқырманды қалыптастыру – бұл білім беру жүйесінің, кітапханалардың, отбасының, сондай-ақ қоғамның жауапкершілігі болып табылады.

 

 

     

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білімге, мәдениетке және кітап оқуға ерекше мән беріп келеді. Осы бағыттағы құндылықтарды дәріптей отырып, мемлекеттік қызметшілер арасында «Кітап оқитын университет» бастамасын ілгерілету жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылатын республикалық «Кітап оқитын ұлт» оқу марафоны басталды.

Бұл бастаманың мақсаты - Әр оқырманды кітап оқуға ынталандыру, жаға білім алуға, өздігінен дамуға және рухани кемелденуге бағыттау. Жоба аясында «Кітап оқитын университет» арнайы бағыты іске асырылуда. Қатысушылар арнайы әзірленген тізімнен  15 кітапты оқуы тиіс. Марафонның негізгі кезеңі: 2026 жылғы қыркүйек - 2027 жылғы наурыз. Барлық оқырмандарды марафонға қатысып, «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық қозғалысының бір бөлігі болуға шақырамыз!

Кітаптар тізімі және қатысу шарттары: https://reading-nation.kz


 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика